Халық әні — Бір тамаша ән үшін

Осы парақта Халық әні — Бір тамаша ән үшін деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Бір тамаша ән үшін текст, сөздері, ән мәтіні

Арманым қырдан қашқан киік екен,
Махаббат бақ пен төрден биік екен.
Ай, аспан алты айналып кетсе-дағы,
Мен сені өмір-бақи сүйіп өтем.

Қайырмасы
Көрдім ғажап көркіңді,
Көңілім құстай серпілді.
Жойдың ескі дертімді.
Қидым соның бәрі үшін,
Бір тамаша ән үшін,
Өз қолыңа еркімді. 2 рет

Әсем ән әуеніне қана бердім,
Жұмбағын бұл жалғанның жаңа көрдім.
Жұмаққа тірі тастап жіберсе де,
Келіп тұр тап қасыңда қала бергім.

Қайырмасы.

Тірі жан сұлулыққа таң қалады,
Таң қалса, құлшынады жан талабы.
Хан да өтер, хазірет те өтер, біз де өтерміз,
Ұрпаққа сәлем айтып ән қалады.

Қайырмасы.

Оставьте комментарий