Халық әні — Бұлбұлым

Осы парақта Халық әні — Бұлбұлым деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Бұлбұлым текст, сөздері, ән мәтіні

Дүние-ай, қарап тұрсам, шолақ екен,
Адамдар бір-біріне қонақ екен, бұлбұлым.
Мың күніме тұрады-ау,
Осы отырған бір күнім-ай.

Құлпырған жауқазындай, қайран, жастық,
Қар жаумай, қазан ұрмай солады екен, бұлбұлым.
Мың күніме тұрады-ау,
Осы отырған бір күнім-ай.

[Қайырмасы]
Жалған екен көргенім,
Арман екен көрмегім-ай.

Серінің серілігі елде қалар,
Аққудың арман әні көлде қалар, бұлбұлым.
Мың күніме тұрады-ау,
Осы отырған бір күнім-ай.

Жігіттер тіршілікте сыйласып өт,
Қадірлі алтын басың жерде қалар, бұлбұлым.
Мың күніме тұрады-ау,
Осы отырған бір күнім-ай.

[Қайырмасы]
Жалған екен көргенім,
Арман екен көрмегім-ай.

Оставьте комментарий