Ай,жұлдыз күлім қағып нұрлы аспанда,
Қарсы алар екі ғашық сырласқанда.
Сайрайды бұлбұл әнін тамылжыта,
Көктемде алма ағаштар гүл ашқанда.
Қайырмасы
Қыз бен жігіт сырласып,
Алма бағы жайнайды.
күн арайлап нұр шашып,
Таң бұлбұлы сайрайды.
Ха-Ха-Ха-Ха-Ха-Ха!…
Осылай бұлбұл сайрайды.
Көктем кеп,тамылжыды бұлбұл әні,
Әнге ұйып,жұрт құлағын түрді бәрі.
Күн күліп,орман өсіп,арман қаулап,
Көрікті кең өлкемнің кірді сәні.
Қайырмасы
Қыз бен жігіт сырласып,
Алма бағы жайнайды.
күн арайлап нұр шашып,
Таң бұлбұлы сайрайды.
Ха-Ха-Ха-Ха-Ха-Ха!…
Осылай бұлбұл сайрайды.