Халық әні — Бөбегім-ау

Осы парақта Халық әні — Бөбегім-ау деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Бөбегім-ау текст, сөздері, ән мәтіні

Әлди, әлди, бөбегім,
Жұбанбайтын не дедім.
Бөбегімді емізіп,
Бесігіне бөледім.
Әлди, әлди, аппағым,
Қойдың жүні қалпағым.
Түлкі жортпас түлейден
Жол салдырған қарсағым.
Әлди, әлди, бөбегім-ау!

Әлди, әлди, әлди қақ,
Ер жеткенде жылқы бақ,
Үлкен таудан түлкі қақ,
Тәңір берсін басыңа бақ.
Әлди, әлди, бөбегім-ау!

Әлди, әлди, тайлағым,
Өрістегі шаңдағым,
От басында ойнағым,
Сүт бетінде қаймағым.
Әлди, әлди, бөбегім-ау!

Әлди, әлди, оймағым,
Оймағыммен ойнадым.
Күнде әлдилеп сүйсем де
Қызығыңа тоймадым.
Әлди, әлди, бөбегім-ау!

Халық әні

Оставьте комментарий