Халық әні — Дариға

Осы парақта Халық әні — Дариға деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Дариға текст, сөздері, ән мәтіні

Дариға-ай, сылаң қағып, бұраңдайсың,
Дүние өтер десем тіл алмайсың,
Дариға-ай.
Алтайы құмнан қашқан түлкідейін,
Қалқатай қолға түспей бұлаңдайсың,
Дариға-ай.

[Қайырмасы]
Дариға-ай, қалқам, жанарым,
Сені іздеп қайдан табамын.
Жанымда жақын жүрмесең,
От болып лаулап жанармын,
Дариға-ай.

Нұрысың сен дүниенің, алып тұрған,
Күйігің сенің мені зарықтырған,
Дариға-ай.
Қалқам-ау, сезбедің ғой сенің үшін,
Кеудемде жалын барын жанып тұрған,
Дариға-ай.

[Қайырмасы]
Дариға-ай, қалқам, жанарым,
Сені іздеп қайдан табамын.
Жанымда жақын жүрмесең,
От боп лаулап жанармын,
Дариға-ай.

Оставьте комментарий