Халық әні — Дедімай-ау

Осы парақта Халық әні — Дедімай-ау деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Дедімай-ау текст, сөздері, ән мәтіні

Айналайын, ақ жүзің, айдан әппақ,
Сендей жарды ер жігіт қайдан таппақ,
Дедімай-ау,
Көрген адам қасыңнан кете алмайды,
Мұз үстінде жүргендей тайғанақтап,
Дедімай-ау.

[Қайырмасы]
Алма ағаштың гүліндей-ау,
Текеметтің түріндей-ау,
Өтіп дәурен бара жатыр,
Сіз бен бізге білінбей-ау.

Құлағыңа таққаның күміс сырға,
Күмбірлетіп шығасың күнде қырға,
Дедімай-ау.
Сағыныштан сарғайып шыдам таппай,
Мен өзіңді қосамын ән мен жырға,
Дедімай-ау.

[Қайырмасы]
Алма ағаштың гүліндей-ау,
Текеметтің түріндей-ау,
Өтіп дәурен бара жатыр,
Сіз бен бізге білінбей-ау.

Оставьте комментарий