Халық әні — Дудар-ай

Осы парақта Халық әні — Дудар-ай деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Дудар-ай текст, сөздері, ән мәтіні

Мариям Жағорқызы

Мариям Жағор деген орыс қызы,
Он алты, он жетіге келген кезі.
Қазаққа Дудар деген ғашық болып,
Сондағы Мариямның айтқан сөзі.

Дударари-дудым,
Бір сен үшін тудым!
Шіркін-ай, Дудара-ри-дудым!

Дудар-ай, ақ боз атты жемдедің бе,
Жеріңе уағда айтқан келмедің бе.
Жеріңе уағда айтқан келмей қалып,
Мариям заты орыс деп сенбедің бе?

Дударари-дудым,
Бір сен үшін тудым!
Шіркін-ай, Дудара-ри-дудым!

Ащыкөл, Тұщыкөл арасы бір,
Басыңа кәмшат бөрік жарасып тұр.
Дудар-ай, келер болсаң тезірек кел,
Орныңа өңкей жаман таласып жүр.

Дударари-дудым,
Бір сен үшін тудым!
Шіркін-ай, Дудара-ри-дудым!

Қолында Мариямның өткір қайшы,
Қағазға Мариям аты жазылсайшы.
Қор болып бір жаманға кеткенімше,
Алдымнан қазулы көр табылсайшы!

Дударари-дудым,
Бір сен үшін тудым!
Шіркін-ай, Дудара-ри-дудым!

Халық әні

Оставьте комментарий