Ар жағында еділдің көрдім сені,жеңеше-ау,
Қайық қылып сырғаңды өткіз мені,жеңеше-ау,
Мінезің сенің өзгеше-ау.
Қайық қылып сырғаңды өткізбесең,жеңеше-ау,
Хордың қызы болсаң да көрмен сені,жеңеше-ау,
Мінезің сенің өзгеше-ау.
Қайырмасы.
Алқаракөк жаз жайлап,
Салы орамал бір байлап.
Сағынып,сәулем,келгенде,
Қайда кеттің,
Ойпыр-ай,той тойлап!?