Етегі Едірейдің гүл-гүл жайнап,
Өзіндей ән салады,дариға бұлбұл сайрап.
Тұсына ауылыңның келіп тұрмын.
Көрсетпей ақ бозымды дариға талға байлап.
Қайырмасы
Көрсетпей ақ бозымды талға байлап.
Келеді тау ішінде күн кешкіреп,
Күлкімін бұлақ жатыр,дариға үлестіріп.
Етегі Едірейдің тамылжиды,
Сен тартқан домбыраның дариға үні естіліп.
Қайырмасы
Сен тартқан домбыраның үні естіліп.
Ауылдың оты жанды жалын атып,
ай туды ақ сәулесін дариға жамыратып.
Еркесі Едірейдің бірге өскен,
Кетсеңші ең болмаса дариға бір тіл қатып.
Қайырмасы
Кетсеңші ең болмаса бір тіл қатып.