Халық әні — Ей, Ақмарал

Осы парақта Халық әні — Ей, Ақмарал деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Ей, Ақмарал текст, сөздері, ән мәтіні

Басылмас қартайғанша-ей жастық серпін,
Жасымнан еркеледім емін-еркін.

Ей, Ақмарал,
Сұлу бикеш,
Жан сәулем.

Келмейді тұрсам күлкім-ей, жатсам ұйқым,
Сіңірмес ішкен асты сенің дертің.

Ей, Ақмарал,
Сұлу бикеш,
Жан сәулем.

Бұлбұлдың даусы жақсы-ей, сайрағанда,
Тарантас қозғалады майлағанда.

Ей, Ақмарал,
Сұлу бикеш,
Жан сәулем.

Өтпейді ішсем асым-ей, тамағымнан,
Қалқатай не болар деп ойлағанда.

Ей, Ақмарал,
Сұлу бикеш,
Жан сәулем.

Халық әні

Оставьте комментарий