Халық әні — Ей, бұлбұл

Осы парақта Халық әні — Ей, бұлбұл деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Ей, бұлбұл текст, сөздері, ән мәтіні

Құла кермен аулыңа аяңдайын,
Жүрсек сырын өзіңе баяндайын.
Ұға алмасаң жүректің ләззатын,
Жан сәулем деп айтудан аялдаймын.

Ей, бұлбұл-ай, бұлбұл-ай,
Алтыннан сырға, қима бел.
Сауықшыл сайран біздің ел,
Еу, айдай.

Көксала үйрек ұшады аспанменен,
Таң ата ма мезгілсіз сасқанменен.
Кісі жары кісіге жар болмайды,
Қанша мақтап өлеңге қосқанменен.

Ей, бұлбұл-ай, бұлбұл-ай,
Алтыннан сырға, қима бел.
Сауықшыл сайран біздің ел,
Еу, айдай.

Халық әні

Оставьте комментарий