Базар барып,базардан қазан алдым,
Атқы жеңіл болсын деп тазаны алдым.
Сен есіме түскенде,екі қалқам,
Жерге түскен қамшымды азар алдым.
Қайырмасы.
Бірің — қайың,бірің — тал,
Бірің — секер, бірің — бал.
Қайсыбірін мақтайын,
Екеуің де — ақ сұңқар.
Сары белден сарғайып таң келеді,
Жүйрік аттың артынан шаң келеді.
Өлеңді айт дегенде айта бермей,
Осындайда кей жаман паң келеді.
Қайырмасы.