Халық әні — Еркем-ай /1-нұсқа/

Осы парақта Халық әні — Еркем-ай /1-нұсқа/ деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Еркем-ай /1-нұсқа/ текст, сөздері, ән мәтіні

Айт дегенде өлеңді аңырмаймын,
Көлден ұшқан аққудай мамырлаймын.

Еркем-ай,
Бүгін болған мерекең
Болсын тағы ертең-ай.

Қайда жүрсем жақсының жанындамын,
Іздегенмен жаманға табылмаймын.

Еркем-ай,
Бүгін болған мерекең
Болсын тағы ертең-ай.

Әншілердің серігі домбыра ма,
Тарта берсең домбыра болдыра ма.

Еркем-ай,
Бүгін болған мерекең
Болсын тағы ертең-ай.

Домбыраны баппенен қолға алып,
Шарықтата әнге сал оң бұра да.

Еркем-ай,
Бүгінгі күнің тамаша,
Ертең бұдан көркем-ай,
Еркем-ай,
Бүгін болған тамаша,
Болсын тағы ертең-ай.

Халық әні

Оставьте комментарий