Халық әні — Жамалдың әні

Осы парақта Халық әні — Жамалдың әні деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Жамалдың әні текст, сөздері, ән мәтіні

Қудым сені дүние-ай он жасымнан,
Денем ауыр тартады қорғасыннан-ай.
Су төгілмес боз жорға шау тартады,
Заман өтіп қартайса жорғасынан-ай.

Кидім қамзол қарадан қиылмаған,
Жылқым жатыр жапанда жиылмаған-ай.
Қыздан сорлы дүниеде жан бар ма екен,
Туған жерден топырақ бұйырмаған-ай.

Ақ түйенің өркеші молақ екен,
Ата-анаға қыз бала қонақ екен-ай.
Оң жағында әкенің той-тойладым,
Көрген қызық өмірде сол-ақ екен-ай.

Оставьте комментарий