Жүгірген қойдан қойға сары серке,
Қайтейін қылығыңды балам ерке.
Кеш болса серуенге шығасың сен,
Өмірімнің айдарындай біткен жеке.
Келмейді өлең айтқым ерінгеннен,
Тартады бойым байсал көрілгеннен.
Аяқты әлтек-тәлтек баса алмаймын,
Төбесі тақияның көрінгенмен.