Халық әні — Жан сәуле

Осы парақта Халық әні — Жан сәуле деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Жан сәуле текст, сөздері, ән мәтіні

 Жан сәулем, асыл бейнең көз алдымда
 Көрегенде нұр жүзіңді тқзе алдым ба?!
 Әніңе жаным құмар,
 Қол жетпес сен бір шынар.
 Қол жетпес арман бір күнің,
 Шырқашы,сәулем,
 Шырқашы,сәулем,
 Ән болып өтсін бұл жылың,
 Шырқашы,сәулем,бұлбұлым!
 
 Өзгеге қайтіп сені қия аламын,
 Бір өзің жүрегімде ұяладың.
 Күн болшы аспаныма,
 Нұр толсын жас жаныма.
 Шырқашы,сәулем,
 Шырқашы,сәулем,
 Әлемді әнмен таңданта,
 Шырқашығсәулем,жан қалқа!
 
 Қайтейін, бұл жүрегім күйсін-жансын,
 Махаббат белгісіндей әнің қалсын.
 Әніңе жаным құмар,
 Қол жетпес сен бір шынар.
 Қол жетпес арман бір күнің.
 Шырқашы,сәулем,
 Шырқашы,сәулем,
 Ән болып өтсін бұл жылың,
 Шырқашы,сәулем,бұлбұлым!

Оставьте комментарий