Халық әні — Жариям-айдай

Осы парақта Халық әні — Жариям-айдай деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Жариям-айдай текст, сөздері, ән мәтіні

Алып келген базардан қыжым кебіс,
Сілекейі қалқаның болар жеміс.
Жел тимесе, күн тимес деген сөз бар,
Сұлу қыздың айтқаны ұят емес.

Өрік, мейіз, қант пен шай,
Алма мойын, ақ бидай,
Жариям-айдай,
Жанға жақын келсейші,
Беу қалқатай-сәулетай.

Алып келген базардан білте шам-ай,
Бидай өңді аққұба құдашам-ай,
Сірә менің көңілім басылар ма,
Сақиналы қолыңнан ет асамай.

Өрік, мейіз, қант пен шай,
Алма мойын, ақ бидай,
Жариям-айдай,
Жанға жақын келсейші,
Беу қалқатай-сәулетай.

Халық әні

Оставьте комментарий