Халық әні — Жезкиік

Осы парақта Халық әні — Жезкиік деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Жезкиік текст, сөздері, ән мәтіні

Жез қанат күміс бауыр киік көрдім,
    Дәруі сол ма дерсің күйік-шердің.
    Жез марал жүреді екен арасында,
    Қартаған Бетпақтағы киіктердің.
   
    Қайырмасы
    Жезкиік біздің жаққа қалай келдің?
    Жолымды тіке кесіп жанай бердің.
    Адамның көздеріндей екі көзің,
    Япырмай дәтім шыдап қалай көрдім.
   
    Дәл саған құрмап еді торды ешкім,
    Ғайыптан душар болдың сорды кештің.
    Мен дағы сертшіл едім далада өскен,
    Сен дағы жалтармадың жолды кестің.
   
    Қайырмасы
    Асықпа көрейінші жөндеп қана,
    Кетпесін жаңа тиген меңдеп жара.
    ет кесіп өз өтімнен берсем дағы,
    Жөніңе жіберейін емдеп қана.
   
    Дедім де қоя бердім ұстамадым
    Қасымда қал демедім қыстамадым
    Тілейін суық жақтан есен қайтып,
    Жылы құм мекеніне қыстағанын.
   
    Қайырмасы
    Түс тербеп жаздың мөлдір қысқа таңын,
    Тұзақтап жезкиікті ұстатамын.
    Баяғы қызыл ішік киген қызға,
    Жез қамзол сол киікті ұқсатамын.
   
    Құмарым қайта көріп қанар ма екен,
    Әл бітіп салқын жүрек жанар ма екен.
    Болмаса суық қолды бір сұр мерген,
    Дәл көздеп әлде атып алар ма екен?..
   
    Қайырмасы
    Сұлуды адам жаны қимайды екен,
    Беймезгіл еске түсіп қинайды екен.
    Жезкиік сені аңсаған кездерімде,
    Бір өзім кең далаға сыймай кетем.
   
   

Оставьте комментарий