Халық әні — Желкілдек

Осы парақта Халық әні — Желкілдек деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Желкілдек текст, сөздері, ән мәтіні

Жылқымның мінсіз қара төбеліндей,
Аузың бар шыны аяқтың кемеріндей.
Шашың бар он екіден талдап өрген,
Базардың кезі алпыс сом жібегіндей.

[Қайырмасы]
Ақ бетің жарқырайды жұмыртқадай,
Тұлымың салбырайды шыбыртқыдай.

Боз үйден сен шығасың керіліп-ай,
Аяқты бір басуға ерініп-ай.
Аққудай көлден ұшқан көтеріліп,
Жігінен қанатыңның сөгіліп-ай.

[Қайырмасы]
Ақ бетің жарқырайды жұмыртқадай,
Тұлымың салбырайды шыбыртқыдай.

Оставьте комментарий