Халық әні — Жылыой

Осы парақта Халық әні — Жылыой деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Жылыой текст, сөздері, ән мәтіні

Біздің ел қайтушы еді Сағыз жайлап,
Тепсеңге су шығатын,бие байлап.
Қызыл шай,жез самауырын,саздың суы,
Сәскеде ішуші едік әрең қайнап.
Аққұба,қарақат көз,бұраң белім,
Сол шайды құюшы еді көзі жайнап.

Торы айғыр тоқпақ жалды тоғайда бар,
Қыздардың хас көркемі ноғайда бар.
Көрінген қыздың бәрі сұлу емес,
Қыпша бел қынай буған шығайда бар.

Дендер мен Тұзтөбенің тұзын көрсең,
Жылыойдың таңғаласың қызын көрсең.
Атыңнан түскен қайтып міне алмайсың,
Сәулештің судан қайтқан ізін көрсең.

Оставьте комментарий