Халық әні — Жұлдыздармен сырласу

Осы парақта Халық әні — Жұлдыздармен сырласу деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Жұлдыздармен сырласу текст, сөздері, ән мәтіні

Соңғы жылдар сездіргендей күз лебін,
Жоғалтсам да сенен күдер үзбедім.
Содан бері бір көруге зар болып,
Ақ сағымның арасынан іздедім.

Қайырмасы
Жұлдыз біткен сыбырлайтын жай ғана,
Әсем әндей аяулы еді-ау айнала.
Шын сүйгендер сүрінбейді дегендей,
Нұрын шашып тұрушы еді ай ғана.

Гүлдер маған сыбырлайтын үзіліп,
Сүйгенімді, сенгенімді білді-ау деп.
Саған үнсіз қарағаны біреудің,
Ауыртатын жүрегімді тілгілеп.

Қайырмасы.

Сонау көктем аңсатты ғой, аңсатты,
Жүректен — жыр, көңілден күй қанша ақты.
Сенсіз өткен айлар мені мұңайтып,
Сенсіз өткен жылдар мені шаршатты.

Қайырмасы.

Сөзі Қ. Бегманов
Әні Г. Әлімбекова

Оставьте комментарий