Вальстің үйіріліп құйынында,
Басталған махаббаттың күйін тыңда.
жұлдызым,жымыңдашы,сыбырлашы,
Көзіңнің қанша сыр бар қиығында.
Қайырмасы
Иықта міне ақ білек,
Бұрала басып билеші.
Опалы жүрек — пәк жүрек,
‘Айнымай,назды сүй!’ — деші.
Тұр ғой ел бізге бақ тілеп!
Жұлдыз көп аспанында махаббаттың,
Іздеген жұлдызымды жаңа таптым.
Көгімде күлімдей бер жарқырай бер,
Достықтың шолпаны боп адал анттың.
Қайырмасы.