Халық әні — Замандас

Осы парақта Халық әні — Замандас деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Замандас текст, сөздері, ән мәтіні

Айналайын көзіңнен
Жалт-жұлт еткен,
Жан бар ма екен
Бұл жерде сенен өткен,
Замандас,
Кездескенде есіңе алып амандас.

Үш ауылдың қыздары
Жиналса да,
Теңгермеймін өзіңе
Басы бүтін,
Замандас,
Кездескенде есіңе алып амандас.

Айналайын көзіңнен
Күлімдеген,
Басқан ізің ешкімге
Білінбеген,
Замандас,
Кездескенде есіңе алып амандас.

Ақша балық шомылған
Айдын көлден,
Алтын қармақ салса да
Ілінбеген,
Замандас,
Жолыққанда есіңе алып амандас.

Халық әні

Оставьте комментарий