Бүгін дала гүлденіп жаңарғандай
Күлтелі көк құлпырып оңалғандай
[Қайырмасы]
Ахау, Заулатшы-ай, құрбым заулатшы-ай
Кешегі құм, шөл дала шаңырқаған
Бүгін қара, тамаша таң қалғандай
Артель ұйым біріккен ұранды бір
Сұлу қыздан есіткен бір терең сыр
Қайырмасы
Ахау, Заулатшы-ай, құрбым заулатшы-ай
Кешегі құм, шөл дала шаңырқаған
Бүгін қара, тамаша таң қалғандай
Ұмтыл алға құрбым, жатпа қарап
Елің үшін еңбек ет, ертемен тұр
Қайырмасы
Ахау, Заулатшы-ай, құрбым заулатшы-ай
Кешегі құм, шөл дала шаңырқаған
Бүгін қара, тамаша таң қалғандай