Халық әні — Келіншек әні

Осы парақта Халық әні — Келіншек әні деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Келіншек әні текст, сөздері, ән мәтіні

Есігімнің алдында қамыс, пішен,
Қыз күніме, япырмау, қашан түсем.
Жер соқтырып жаманды кетер едім,
Аяғыма сен болдың болат кісен.

Қоя ғой, бөпем, қой, бөпем,
Жылама, бөпем, әлди-ау.

Есігімнің алдында томар толмас,
Өз теңіме қоспаған әкем оңбас.
Жер соқтырып жаманды кетер едім,
Ақ батасын атамның бұзып болмас.

Қоя ғой, бөпем, қой, бөпем,
Жылама, бөпем, әлди-ау.

Оставьте комментарий