Халық әні — Керім-ау,айдай

Осы парақта Халық әні — Керім-ау,айдай деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Керім-ау,айдай текст, сөздері, ән мәтіні

Көк ала үйрек ұшады көлге қарсы
Жануардың ұясы желге қарсы.
Сағынғанның белгісі сол емес пе,
Орамалға тамады көздің жасы.

Қайырмасы
Керім-ау,айдай,
Сағындым,сәулем,сені де ойлай.

Ауылымның қоғаны қарағайлы,
Жалған дос тату досқа жарамайды.
Сағынғанда сені  ойлап, қимас қалқам,
Ішкен асым бойыма тарамайды.

Қайырмасы.

Оставьте комментарий