Халық әні — Кешір, Ана

Осы парақта Халық әні — Кешір, Ана деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Кешір, Ана текст, сөздері, ән мәтіні

Сөзі Ш.Сариев
Әні Т.Мұхамеджанов

Анадан жаралған ғой дана біткен,
Биіктен өз баласын ана күткен.
Біздерді кешір, ана, түсінбесек,
Еркелеп сәби, жастық, балалықпен.
Біздерді кешір, ана, түсінбесек,
Еркелеп сәби, жастық, балалықпен.

Сағынтып тағдыр жазбай табысуға,
Өмірдің бәйге жүйрік жарасында.
Біздерді кешір, ана, сәл мұңайтсақ,
Өзендей өмір толқын ағысында.
Біздерді кешір, ана, сәл мұңайтсақ,
Өзендей өмір толқын ағысында.

Біз өмір маңдайына сыямыз ба,
Туған жер – анамызды қиямыз ба.
Біздерді кешір, ана, құстарыңды,
Оралмай кете барсақ ұямызға.
Біздерді кешір, ана, құстарыңды,
Оралмай кете барсақ ұямызға.

Оставьте комментарий