Халық әні — Көкем-ай

Осы парақта Халық әні — Көкем-ай деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Көкем-ай текст, сөздері, ән мәтіні

Шынында өскен асқардың сен бір шынар,
Бір өзіңе, қалқатай, болдым құмар.

Бұраң бел, көкем-ай,
Қасы, көзі қиылып
Қай жерде отыр екен-ай.

Көрмегелі жүзіңді көп күн болды,
Құмарланған көңілім қашан тынар.

Бұраң бел, көкем-ай,
Қасы, көзі қиылып
Қай жерде отыр екен-ай.

Ел қыдырып іздесем,
Табар ма екем, көкем-ай.

Орта бойлы, қара көз шырайлым-ай,
Бір сөйлеспей өзіңмен тынармын ба-ай!

Бұраң бел, көкем-ай,
Қасы, көзі қиылып
Қай жерде отыр екен-ай.

Сөйлегенде тіліңнен бал тамады-ай,
Сенен көңіл басқаға бұрармын ба-ай.

Бұраң бел, көкем-ай,
Қасы, көзі қиылып
Қай жерде отыр екен-ай.

Ел қыдырып іздесем,
Табар ма екем, көкем-ай.

Халық әні

Оставьте комментарий