Халық әні — Көк айдай

Осы парақта Халық әні — Көк айдай деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Көк айдай текст, сөздері, ән мәтіні

Мұқит (Мұхамбеткерей) Мералыұлы (1841-1918)

Ой, қалқам, сен де көркем, мен де көркем,
Қосылса екі көркем болады тең.
Дөңбекшіп төсегімде жата алмаймын,
Есіме сен түскенде, сұлу еркем.

Бір ағашта екі алма,
Мен де алмаймын, сен де алма.
Анық досым сен болсаң,
Оймақ ауыз, күлім көз,
Мен кеткенде сен қалма.
Ой, көк айдай,
Күткен сәулем –
Қыз қайда-ай.

Ой, қалқа, сен де ақ маңдай, мен де ақ маңдай,
Қосылса екі ақ маңдай шам жаққандай.
Төбесі сұлу қыздың көрінгенде,
Аяқты баса алмаймын жын қаққандай.

Бір ағашта екі алма,
Мен де алмаймын, сен де алма.
Анық досым сен болсаң,
Оймақ ауыз, күлім көз,
Мен кеткенде сен қалма.
Ой, көк айдай,
Күткен сәулем –
Қыз қайда-ай.

Халық әні

Оставьте комментарий