Көк ала тай, көтерші иегіңді,
Өлсең тауып қояйын сүйегіңді.
Жаным сүйген жан сәулем деп жүргенде
Қандай жеңгең айнытты жүрегіңді.
Қайырмасы
Уа, жаным сүйген қалқам-ай,
Қалды құмар тарқамай.
Арманда өткен жан сәулем,
Іштегі сырды айта алмай.
Көк ала тай,көтерші тамағыңды,
Жабырқаған жазайын қабағымды.
Жаным бірге деп жүрген қалқа бала,
Кім ұйытып кетті екен қарағымды.
Қайырмасы.