Халық әні — Көңіл ашар

Осы парақта Халық әні — Көңіл ашар деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Көңіл ашар текст, сөздері, ән мәтіні

Нұржан Наушабайұлы (1859-1919)

Айт дегенде өлеңді аяр болмас.
Жамандардың сөзінде баян болмас.
Осындайда өлең айт, замандастар,
Күнде мұндай тамаша даяр болмас.

Сарала шымшық,
Болдым ынтық, қойдың ғой,
Ынтық етіп мені-ау бүйтіп.

Ауылымызға жүре гөр келіп-кетіп,
Көтерелік көңілді еліктетіп.
Қос аттыға жеткізбей өтер өмір,
Басымыздан барады дәурен өтіп.

Сарала шымшық,
Болдым ынтық, қойдың ғой,
Ынтық етіп мені-ау бүйтіп.

Бәйтеректің басында бір ақ сұңқар,
Саулығымды қалқатай кімнен сұрар.
Ғашық жар, құрбылар, күл де ойна,
Қай моланың басында малың тұрар.

Сарала шымшық,
Болдым ынтық, қойдың ғой,
Ынтық етіп мені-ау бүйтіп.

Халық әні

Оставьте комментарий