Халық әні — Майда қоңыр /3-нұсқа/

Осы парақта Халық әні — Майда қоңыр /3-нұсқа/ деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Майда қоңыр /3-нұсқа/ текст, сөздері, ән мәтіні

Әсет Найманбайұлы (1867-1922)

Жігітке қисық қылық мінменен тең,
Жараспас жас бойына сынменен тең.
Надан бар көңілі қара, қолы сараң,
Қараңғы жүрегі оның түнменен тең.

Жеткізсе көлеңкесін біреу көпке,
Бұлттан шыққан жайнап күнменен тең.
Жайдары, шамсыз туған кейбір жігіт
Терісі жуан елі пілменен тең.

Күлдіргіш, қалжыңға ұста кейбір жігіт
Көңілдің бақшасында гүлменен тең.
Жаралған жақсы атадан жаман бала
Некесіз қай-қайдағы сұмменен тең.

Болады ойсыз, мисыз кейбір надан,
Ол етер жігеріңді құмменен тең.
Біреудің пайдаланған ақыл, білім
Бір түсіп өткен күннің нұрымен тең.
Көзі ашық, көкірегі ояу жастар үшін,
Ескерткен насихатым сырменен тең.

Халық әні

Оставьте комментарий