Халық әні — Махаббат көктемі

Осы парақта Халық әні — Махаббат көктемі деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Махаббат көктемі текст, сөздері, ән мәтіні

Сағындым мен сонау жылғы көктемді,
    Сағым жүзген алау гүлді бөктерді,
    Сағындым мен айна бұлақ басында,
    Алғаш рет ерніңнен өпкенді.
   
    Қайырмасы
    Көктем келді,
    Көк белдерді,
    Қыдырып бір қайталық.
    Ашық болған,
    Асып толған
    Кезді жыр ғып айтайық.
   
    Гүлдер жайнап,тапса жанның дауасын,
    Күндер заулап, көрсетпейді-ау қарасын…
    Көктем сайын өзің ғана менімен
    Алғаш рет кездескендей боласың.
   
    Қайырмасы.
   
    Қош дегендей қаздар қайтіп кетеді,
    Тос дегендей саздары айқын жетеді.
    махаббатты мәңгі көктем деп білем,
    Жүрек соның жазиралы мекені.
   
    Қайырмасы.
   
   

Оставьте комментарий