Халық әні — Мақпал /2-нұсқа/

Осы парақта Халық әні — Мақпал /2-нұсқа/ деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Мақпал /2-нұсқа/ текст, сөздері, ән мәтіні

Әсет Найманбайұлы (1867-1922)

Айттым сәлем Мақпалға шын зерек деп,
Өзгеден, топтан затың бөлек деп.
Көйлекті көк атылас серпе тастап,
Алдымнан Мақпал шықса “Сіз керек,” – деп.

Мақпал-ау, Мақпал,
Мақпал-ау, Мақпал.
Үкілі қоңыр ала үйрек секілдім-ау,
Бір хабар алмаған соң өкіндім-ау!

Мақпалдан қайттым бір күн кербалақпен,
Асынып садағымды қорамсақпен.
Көрсем де құралайды атқаным жоқ,
Ұқсаттым Мақпалжанға шын жүректен.

Халық әні

Оставьте комментарий