Халық әні — Маңмаңгер

Осы парақта Халық әні — Маңмаңгер деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Маңмаңгер текст, сөздері, ән мәтіні

Ақан сері (Ақжігіт) Қорамсаұлы (1843-1913)

Маңмаңгер, кекілің келте, жалын майда,
Байлаған сені сылап қалқатай да.
Жүресің желмаядай жануарым,
Көрейін қызығыңды осындайда.

Ахау, туған елім,
Балаң едім.
Өзіңе осынау әнді,
Ала келдім.

Маңмаңгер, ән қосайын жүрісіңе,
Дер екен қалқа қалай келісіме.
Сыдыртып, маңмаңгермен келе жатып,
Осынау ән күйіндіріп түсті есіме.

Ахау, туған елім,
Балаң едім.
Өзіңе осынау әнді,
Ала келдім.

Маңмаңгер, кекілің келте, жалың майда,
Бал татыр қант қосса қағаз шайға.
Кісіден анау-мынау жалтару жоқ,
Ақ көйлек, дүрия бешпент сәулем қайда.

Ахау, туған елім,
Балаң едім.
Өзіңе осынау әнді,
Ала келдім.

Халық әні

Оставьте комментарий