Халық әні — Менің Қазақстаным

Осы парақта Халық әні — Менің Қазақстаным деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Менің Қазақстаным текст, сөздері, ән мәтіні

Сөзін шығарған Жұмекен Нәжімеденов (1935-1983)
Әнін шығарған Шәмші Қалдаяқов (1930-1992)

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы.
Думанды бастады,
Далама қарашы.
Кең екен Жер деген,
Жерге дән шықты ғой.
Дән егіп, терлеген,
Қазағым мықты ғой.

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім,
Туған жерім менің – Қазақстаным.

Сағымды далам бар,
Сабырлы көлім бар.
Қараңдар, жарандар,
Осындай елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Ежелгі досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай.

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім,
Туған жерім менің – Қазақстаным.

Халық әні

Оставьте комментарий