Халық әні — Мен білмеймін

Осы парақта Халық әні — Мен білмеймін деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Мен білмеймін текст, сөздері, ән мәтіні

Мен білмеймін, нe болады күні ертең.
He болса да, не болса да күнелтем!
Екеуміздің жүрегіміз білер тек,
Сырласайық, оңашада жүр, еркем.

Мен несіне, сен несіне жыладың?!
Айтпай-ақ қой,айтпасаң да ұғамын.
Бәлен жерде құлағанда құланың,
Бәлен жерде ұмыт қалған тұмарың!..
Бәлен жерде…

Қайырмасы
Қалай құбылады мына күн?!
Қалай құбылса да шыдадым.
Екеуміздің жүрегіміз ұғады,
Қалай құбылады мына күн,
Қалай құбылса да шыдадым,
Сырласайық оңашада, шырағым

Бәлен жерде не түседі дәлелден?!
Бәрі де ұмыт, бәрі де жоқ, бәрі өлген…
Оны сен де таба алмайсың әлемнен,
Оны мен де таба алмаймын әлемнен…
… Мен несіне, сен несіне жыладың?
Айтпай-ақ қой, айтпаасаң да ұғамын.
Бәлен жерде құлағанда құланың,
Бәлен жерде ұмыт қалды-ау тұмарың!..

Қайырмасы.

Сөзі М. Мақатаев
Әні Ж. Кенжекеева

Оставьте комментарий