Халық әні — Молдабайдың әні

Осы парақта Халық әні — Молдабайдың әні деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Молдабайдың әні текст, сөздері, ән мәтіні

Тәңірберген Молдабай,
Малға жарлы болса да,
Айтар сөзге, тілге бай.

Сөйлер сөзге келгенде,
Орынбордың алдында,
Тағалаған жорғадай.

Сөйле, тілім, жалықпа,
Жалықпақ жақсы қалыпқа.
Білгеніңді айтпасаң,
Тек жатар жөнің бар ма еді,
Тегіс жайып халыққа.
Айтарыңды анықта,
Аққу құстай шалықта.
Жақсы менен жаманды
Қаусырма жақ қызыл тіл,
Көп ішінде анықта.

Алтын қалпақ, жез телпек
Хандар киер көзіне.
Кімдер әуес болмаған
Молдабайдың сөзіне.
Ақ дігердей көрінбей
Үйдің сәні келмейді,
Шым ораулы болмаса
Шидің сәні келмейді.
Егескен жауын мұқатпай,
Ердің сәні келмейді.
Қара жерден қар кетпей,
Көк орай шалғын шөп өспей,
Жердің сәні келмейді,
Үйрек ұшып, қаз қонбай
Көлдің сәні келмейді.
Ұызыл, жасыл киінбей
Қыздың сәні келмейді.
Қыз, бозбала жиылмай
Жырдың сәні келмейді.
Молбадайдың әні едің,
Осылай етіп ән салсақ
Домбыраның сәні еді.

Оставьте комментарий