Халық әні — Нәзік сезім

Осы парақта Халық әні — Нәзік сезім деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021

Халық әні — Нәзік сезім текст, сөздері, ән мәтіні

Мазалайды бізді анық
Амалсыздық, күрсіну.
Екеумізге қызғанып
Қарап тұрды бір сұлу.
Қарап тұрды бір сұлу.

Түсінгенмен не етемін?
Құйып-құйып кетемін.
Көздеріңе мол қайғы,
Көздеріңе мол қайғы.
Екеуімізді қоспайтын.
Жатыр алда жол бөлек.

Алдырып қой, тосты айтып,
Ай барады дөңгелеп,
Ай барады дөңгелеп.
Бұл ақымақ сезімді,
Жендірейік ақылға.
Көзіңдегі көзімді,
Жоғалтпай жүр, мақұл ма,
Жоғалтпай жүр, мақұл ма?!
Солқ еткендей жүрегім
Белгісіз бір екпінмін,
Күлдей болып гүл өңім,
Үнсіз шығып кеттім мен.
Үнсіз шығып кеттім мен.
Ақылдымыз, осы рас,
Ісіміздің бәрі ізгі,
Тек махаббат есуас
Жылап қалған тәрізді,
Жылап қалған тәрізді.

Сөзі Қ. Ахметова
Әні Г. Шәмшиева

Оставьте комментарий