Қызықты қыздай дәурен өтті бізден,
Ой,қартайсаң да қыз кетпейді көңілімізден.
Қайырмасы
Ой,кідігай,
Қызықты-ай,
Қыздар-ай!
Бір кезде қыздар төрем деуші-ақ еді,
Ой,бір құдай берген шығар пейілімізден.
Қайырмасы.
Басында Шұбартаудың бес қарағай,
Ой,бесеуі де бір-біріне ес қарағай.
Қайырмасы.
Бір кезде қыздар төрем деуші-ақ еді,
ой,бұл күнде қыз қайтеді теріс қарамай.
Қайырмасы.