Сөзі Ұ. Есдәулетов
Әні Т. Мұхамеджанов
Лағылдай көздерің,
Жалындай сөздерің,
Бағындай өзгенің,
Айналайын періште қыз.
Аспаның шатырлап,
Қас қағым шағында,
Тастадың зақымдап
Жүрегімді, періште қыз
Қайырмасы
Періштем, сезімің мөп-мөлдір,
Періштем, қанатың сепкен нұр.
Періштем, жебеші жанымды,
Періштем, о-о-о-о-о.
Періштем — махаббат киесі,
Перімтем — пәктіктің иесі.
Періштем, шығарма теріске
Ғашықтық уәдесін.
Жүрдім-ау самарқау,
Топтанды жанартау.
Жүрегің жомарт-ау,
Айналайын періштем.
Аспаның шатырлап,
Қас-қағым шағында,
Тастадың зақымдап,
Жүрегімді, періште қыз
Қайырмасы.