Халық әні — Райхан гүл

Осы парақта Халық әні — Райхан гүл деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Райхан гүл текст, сөздері, ән мәтіні

Ақ көйлек,қызыл қамзол,лағыл маңдай,
Аузың бал, тілің шекер,нәзік таңдай.
Халіңнің қасіретінен берші хабар,
Жолыңа сарп етейін жиған малды-ай.

Қайырмасы
Ахау,құрбым,қыз — қызыл гүл,
Лағылша жазғы таңғы райхан гүл!

Сүмбіл шаш,пісте мұрын,лағыл иек,
Шынардай он саусағың құлжа сүйек.
Осындай ғашық жардан айырылған соң,
Жалын боп жарым үшін жүрмін жүдеп.

Қайырмасы
Ахау,құрдас,сіз бір мұңдас,
Жерлерге көк майсасыз бір күн қонбас.

Оставьте комментарий