Халық әні — Сарымойын

Осы парақта Халық әні — Сарымойын деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Сарымойын текст, сөздері, ән мәтіні

Жапалақ жалпылдайды жар басында,
Немене жоқтың күні бар қасында.
Дос болып, қас болғаннан сақта құдай,
Қасқыр да қас қылмайды жолдасына.

Сарымойын айналамның бәрі бөтен,
Тағдырға амалым не сабыр етем.
Қырық жыл қырғын болса ажалды өлер,
Тәуекел бұл істің де артын күтем.

Тағдырдың кез келтірме ақпанына,
Қарамас егіліп мұң шаққанына.
Аяулы алтын басың қор болады,
Тап болсаң жалған достың қақпанына.

Түк емес мінген атың жүрмес шабан,
Мін емес алған жарың сала-жаман.
Өтпейді шапсаң қылыш, атсаң оғың,
Дүниеде достан шыққан дұшпан жаман.

Оставьте комментарий