Халық әні — Сары бидай

Осы парақта Халық әні — Сары бидай деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Сары бидай текст, сөздері, ән мәтіні

Біздің ауыл текшенің етегінде,
Ерте шықсам аулыңа жетемін бе?
Ақ тамақтан емінте бір иіскетсең,
Айналақтап аулыңнан кетемін бе?

Есіктің алды тал-қайың,
Басыңда тұрмас жаз дәйім.
Қалқатай еске түскенде,
“Сары бидай” әнін,
Сағынып сонда салғаным.

Бұлт арылмай қойды ғой бастан, шіркін,
Сенсіз өмір секілді жалған, шіркін,
Ат арытып алыстан келгенімде,
Кер маралдай керіліп тұрсаң, шіркін.

Есіктің алды тал-қайың,
Басыңда тұрмас жаз дәйім.
Қалқатай еске түскенде,
“Сары бидай” әнін,
Сағынып сонда салғаным.

Халық әні

Оставьте комментарий