Халық әні — Сары жез құмған-ай

Осы парақта Халық әні — Сары жез құмған-ай деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Сары жез құмған-ай текст, сөздері, ән мәтіні

Біздің ауыл, сұрасаң, Белтұрғанда,
Биік ағаш солқылдар жел тұрғанда.
Күн мен айын басқаның мен қайтейін,
Тал шыбықтай солқылдап сен тұрғанда.

Сары жез құмған-ай,
Отта тұрған-ай.
Айналайын көзіңнен,
Ашып-жұмған-ай.

Біріншіден не жаман – өсек жаман,
Екіншіден – сүймеген төсек жаман.
Ер жігіттің бойында болмаса өнер,
Жақсы екен ғой жүргені есен-аман.

Сары жез құмған-ай,
Отта тұрған-ай.
Айналайын көзіңнен,
Ашып-жұмған-ай.

Халық әні

Оставьте комментарий