Халық әні — Сегізаяқ

Осы парақта Халық әні — Сегізаяқ деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Сегізаяқ текст, сөздері, ән мәтіні

Абай Құнанбайұлы (1845-1904)

Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған.
Хиуадан шауып,
Қисынын тауып,
Тағыны жетіп қайырған.
Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең өзің біл.
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас.
Білгенге маржан,
Білмеске арзан,
Надандар баһра ала алмас.

Қиналма бекер тіл мен жақ,
Көңілсіз құлақ, ойға олақ.
Басында ми жоқ,
Өзінде ой жоқ,
Күлкішіл кердең наданның.
Көп айтса көнді,
Жұрт айтса болды –
Әдеті надан адамның.
Бойда қайрат, ойда көз,
Болмаған соң айтпа сөз.
Атадан алтау,
Анадан төртеу,
Жалғыздық көрер жерім жоқ.

Ағайын бек көп,
Айтамын ептеп,
Сөзімді ұғар елім жоқ.
Моласындай бақсының,
Жалғыз қалдым – тап шыным!

Халық әні

Оставьте комментарий