Ауылым Ақкемердің жағасында,
Алты ұлдың мен бәйшешек арасында.
Шапқанмен жанамадап кержайдақпен,
Қалқам-ау, өрең жетпей қаласың да.
[Қайырмасы]
Гүліміз, гүліміз,
Жарқырасын нұрымыз,
Жарқырап нұрыңыз,
Қамықпай күліңіз,
Асылзат еркем,
Алтын көйлек киген,
Меруерттен түймең,
Осы отырған қыздар,
Құрметпен бас иген,
Гәккугәй, гәккугәй,
Гәккуіме бір салшы-ай.
Ақ тотым, аққу сипат қолаң шашың,
Жүзің гүл, толған айдай керген қасың.
Меруерттей қарақат көз, бұлбұл дауыс,
Қаз мойын, жақыт түйме, алтын басың.
[Қайырмасы]
Гүліміз, гүліміз,
Жарқырасын нұрымыз,
Жарқырап нұрыңыз,
Қамықпай күліңіз,
Асылзат еркем,
Алтын көйлек киген,
Меруерттен түймең,
Осы отырған қыздар,
Құрметпен бас иген,
Гәккугәй, гәккугәй,
Гәккуіме бір салшы-ай.