Сенің айтқан әнің қандай,
жай тапсырмас жанды.
Бұлбұл естен жаңылғандай,
Естісе бұл әнді.
Қайырмасы
Көңіл іздеп алаңдады,
Таба алмады
Мұндай мұндай әнді.
Ғашық болар саған бәрі,
Айта берсең бұл әнді.
Тыңдағанды таң қылғандай
Бұл әндегі жылын.
Айтшы айтшы қалдым қанбай,
Жастық шақтың әнін.
Қайырмасы.
Бүгінгі күн көңілді екен,
Бейне сенің көзің.
Мені ерткен әнің бе екен,
Әлде сенің өзің?
Қайырмасы.