Халық әні — Сен екеуміз

Осы парақта Халық әні — Сен екеуміз деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Сен екеуміз текст, сөздері, ән мәтіні

Сөзі Ж. Боранбаев
Әні М. Ілиясов

Сен екеуміз, сен екеуміз қатар жанған шырақпыз,
Сен екеуміз, сен екеуміз қатар аққан бұлақпыз.
Махаббатпен, шапағатпен бір-біріне қол созып,
Бір бақытқа ұласатын асыл арман мұратпыз.

Сен екеуміз, сен екеуміз таңғы алтын араймыз,
Мына әлемге сәуле болып, сәуле болып тараймыз.
Жұмбақ жанбыз, жұмбақ жанбыз, бірімізге-біріміз,
Тіл қатпаймыз, тіл қатпаймыз, үнсіз ғана қараймыз.

Мазасыздау тіршілікте тынышымды ала бер,
Жүрегімде жұлдыз болып, жұлдыз болып жана бер.
Осылайша арман болып, арман болып, жаным-ай,
Осылайша үміт болып, үміт болып қала бер.

Оставьте комментарий