Тағы көктем келді ғой, келді-ау, жаным,
Неге ғана мен жалғыз, жалғыз әнім.
Естен кетпес өртенген ақ таңдарым,
Жанарымнан, жанарымнан жас тамған күн.
Бұл өмірде қайтейін, қия алмаймын.
Арманым-ау, аңсаймын, қиялдаймын.
Сағыныштың өксігін тыя алмаймын,
Тыя алмаймын, тыя алмаймын.
Түсінбедің сен мені, түсінбедің,
Азаптаған ұйқымды түсім бе едің.
Махаббатқа мас болған сезімімді,
Түсінер кім, түсінер кім, түсінер кім?
Әрбір күні өмірдің сағым-арман,
Алдайды екен адамды мына жалған.
Көгершінім сен болдың ұстатпайтын,
Бір жалт етіп, бір жалт етіп ұшқан қолдан.
Кеше ғана сен мендің едің, кеше ғана.
Қайда бәрі, бәрі — елес. Неге мен жалғызбын?
Сен елессің. Мен сені ойлап тапқан, сен елессің.
Сөзі Қ. Қазыбеков
Әні Қ. Жүнісов